Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің «Раушан» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
- Жалпы ережелер
1.1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан
Республикасы Заңының 10 бабы негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-
әрекет тәртібін белгілеу мақсатында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің «Раушан» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында әзірленді.
1.2. Стандартты әзірлеудің міндеттері мектепке дейінгі білім беру
саласында жұмыс істейтін қызметкерлердің жемқорлыққа қарсы тұрақты
тәртібін қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық көріністерін дер кезінде
анықтау және олардың тигізетін теріс әсерлерін алдын алу болып
табылады.
1.3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стандартының мақсаттары:
1)Заңдылық;
2)Транспаренттілік;
3)Әдептілік;
4)Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің
сақталуы және оларды сыбайлас жемқорлық көріністерден қорғау;
5)Мүдделер қақтығысын болдырмау.
2.Қоғамдық қатынастардың жеке саласында жұмыс
істейтін адамдардың іс-әрекет қағидалары
2.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартымен қозғалатын салада жеке
және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру
кезінде:
- Заңда белгіленген тәртіппен әрі мерзімінде жеке және заңды
тұлғалардан өтініш қабылдау және оларды қарауға;
2) Заңды және негізделген шешім қабылдауға;
3) Жеке тұлғаларды, соның ішінде заңды тұлғалардың мүддесін
танытушы тұлғаларды, олардың отбасы мүшелерңн субьектілерге және
олардың қызметін сынап не құқықтарын, бостандықтары мен заңды
мүдделерін қорғау мақсатында өтініш беруіне байланысты қудалауға жол
бермеу;
4) Оларға қатысты мәселені обьективті шешуне мүдделілік
білдірмейді деп пайымдауға негіз болған адамдарға тексеру жүргізуді
жүктеу жағдайларын болғызбау;
5) Өтініш берген немесе оның мүддесі үшін өтініш берілген адамға
жеке және заңды тұлғалардың зиян келтіретін өтініше жол бермеу;
6) Жеке тұлғалардың, соның ішінде заңды тұлғаның мүддесін
танытушы тұлғалардың келісімінсіз олардың жеке өм ірі туралы
мәліметтерді немесе мемлекеттік не заңмен қорғалатын өзге де құпияны
құрайтын мәліметтерді жария етпеуге; жеке тұлғаның жеке басы туралы
өтінішке қатысы жоқ деректердің анықталуына жол бермеу;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасындажеке және заңды
тұлғаларға ұсынылуы көзделген ақпаратты беруден негізсіз бас тартуы не
оны кешіктіріп беруі, анық емес немесе толық емес ақпарат беру.
2.2. Өз құзыреті шеңберінде басқару және өзге шешімдерді даярлау жәнек
қабылдау кезінде:
- Өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін
қамтамасыз ету;
- Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін
қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету;
- Мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мектепке дейінгі білім беру
ұйымда жұмыс істеу тиімділіне кедергі жасайтын немесе тиімділігін
төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұру;
4) Шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға;
5) Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп
тапсырылған мемлекеттік меншікті, ұтымды, тиімді және тек қызметтік
мақсатта ғана пайдалану;
6) Қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтік
міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын
ұтымды және тиімді пайдалану;
7) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тұрақты
түрде шаралар қабылдауға, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің
тұтынушысы ретінде толығымен халықтың сұранысына бағдар ұстану;
8) Жасағаны үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық
жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды
жасауға жол бермеу;
9) Мүліктік және мүліктік емес и гіліктер мен артықшылықтар алу
немесе табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және
өзге де ақпаратты пайдаланбау;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік
өкілеттіктерін орындауына байланысты сыйлықтар қабылдамау;
11) Шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде жеке және заңды
тұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсетпеу;
12) Өзінің лауазымдық өкілеттіліктерін жеке өзінің не жақын туыстары
мен жекжаттарының материалдық мүдделерін қанағаттандырумен
байланысты мәселелерді шешу кезінде пайдаланбау;
13) Мүдделер қақтығысын болғызбау және шешу бойынша шаралар
қабылдауға тиіс.
2.3. Білім беру саласы бойынша туындайтын өзге қарым-қатынастар
кезінде:
- Қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен
біліктілігін арттыруға, Қазақстан Республикасының заңдарында
белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтау;
- Өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан
айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол
бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін
жақсарту үшін пайдалану;
- Жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік
органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де
адамдардың қызметіне ықпал ету үшін қзінің қызметтік жағдайын
пайдаланбау;
4) Іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау;
5) Жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірге жұмыс
істеуіне жол бермеу тиіс.
3.Өзге де шектеулер мен тыйым салулар
- 2007 жылғы 27 шілдегі № 319 – III ҚРЗ. «Білім туралы»
Қазақстан Республикасы Заңы.
- 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414 – V ҚРЗ. «Қазақстан
Республикасының Еңбек кодексі»
- 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518 –IV ҚРЗ. «Неке (ерлі-
зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы.
- 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416 –V ҚРЗ. «Мемлекеттік қызметі
туралы» Қазақстан Республикасы заңы.
- 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410 – V ҚРЗ. «Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы.
- 2014 жылғы 5 шілдедегі № 253 –V ҚРЗ. «Әкімшілік құқық
бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі.
- Қазақстан Республикасының өзге заңдарында белгіленген тиымдар
мен шектеулерді сақтау;
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілеріне теңестірілген
тұлға ретінде әдеп кодексін сақтау;
- Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға және сыбайлас
жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу;
10)Егер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпарат болса,
ол мұндай құқық бұзушылықты болғызбау және тоқтату жөніндегі
қажетті шараларды қабылдауға, оның ішінде жоғары тұрған басшыға, өзі
жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына, уәкілетті
мемлекеттік органдардарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиіс.
Басшы: Нуралина М.С