Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің «Раушан»бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің «Раушан»бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласыбілім бөлімінің «Раушан»бөбекжайы» коммуналдық  мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

 Қостанай облысы,Арқалық қаласында 2006 жылы 26 қаңтарда  «Раушан» бөбекжайы ашылды.  Бөбекжай жалпы -9 топтық,220  орынға негізделген.

«Раушан» бөбекжайында мынадай топтар жұмыс жасайды:

-«Қызғалдақ» кіші тобы (2 жастан қазақ тілінде оқытылатын топ)

- «Ботакөз» кіші тобы (2 жастан орыс тілінде оқытылатын топ)

- «Інжугүл» ортаңғы тобы (3 жастан қазақ тілінде оқытылатын топ )

-«Бәйшешек» ортаңғы тобы (3 жастан қазақ тілінде оқытылатын топ )

- «Қоңыраугүл» ортаңғы топ ( 3 жастан орыс тілінде оқытылатын топ)

-«Жауқазын» ересек тобы ( 4 жастан  қазақ тілінде оқытылатын топ)

-«Шегіргүл»  ересек тобы ( 4 жастан  қазақ тілінде оқытылатын топ)

- «Гүлкекіре» мектепалды тобы ( 5 жастан қазақ  тілінде оқытылатын топ)

- « Лалагүл»  мектепалды топ (5 жастан орыс тілінде оқытылатын топ)

Мекеме 2 қабатты ,автономды  жылыту жүйесімен,су,электр жүйелері орталықтандырылған,телекоммуникациямен  қамтамасыз етіліп,өртке қарсы дабыл (сигнализация) ,қауіпсіздік батырмасы (тревожная кнопка)орнатылған. Асхана,азық-түлік қоймасы,кір жуатын бөлмелер мен шаруашылық материалдарын сақтайтын  қойма бар. Егу және оқшаулау бөлмелерден тұратын төлқұжаттандырылған медициналық кабинетпен қамтылған. Бөбекжайда жалпы 15 бейне камералар орнатылған және жедел басқару орталығына (ЦОУ)қосылған, оның- 12 данасы мекеме ішіне ,3 данасы  мекеменің  сыртына орнатылған.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға  арналған пандус,тактикалық жолақ пен арнайы әжетхана бар.

Барлық топтар  балалардың  жас ерекшеліктеріне қарай құрылған  жиһаздармен ,ойын және көрнекі  құралдармен  қамтамасыз етілген. Әрбір топта,жеке жатын,ойын,әжетхана  бөлмелері бар. Арнайы бөлінген әр топқа арналған ойын алаңдары мен құралдары орналасқан алаңқайлар бар.

Бөбекжай тәрбиеленушілері INDIGO24.kz электронды жолдамасы бойынша  2 жастан бастап қабылданады. Бөбекжай жұмысын 07.30 бастап, кешкі сағат 19.30 да аяқтайды. Жұмыс 5 күндік жұмыс жүйесіне негізделген.  Педагог қызметкерлерді жұмысқа қабылдау  конкурс арқылы жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысу материалдары бөбекжайдың инстаграм желісіне жарияланады.

Ас мәзірі таңғы ас, екінші таңғы ас,түскі ас,бесін ас және кешкі ас мәзірімен тағайындалған. Бөбекжайда музыка залы, спорт зал, көркем-сурет студиясы,педагог-психолог,М.Монтессори кабинеттері жұмыс жасайды.

Музыка залы

  Спорт зал  

  Көркем-сурет студиясы  

  М.Монтессори кабинеті

  Педагог-психолог кабинеті