Армысыздар, құрметті қонақтар, ата-әжелер! Бүгінгі «Қарттарым асыл қазынам» атты концертімізге қош келдіңіздер! Дүниеге келер бір рет, Дария кеуде тау мүсін. Құрыштан құйған құдірет, Қарттарым аман-саумысың!? Өздерің жүрсең қасымда, Ел іші жомарт еңселі. Дән иісі жүрген қанында, Даламның бір бөлшегі. Здравствуйте, самые дорогие, самые любимые, самые уважаемые люди! Бабушки и дедушки. С праздником Вас! 1-вход: Домбырашылар Әжем менің мейрімді,сыйлайды үлкен кішілер, Әжеге деген пейліңді,әжесі барлар түсінер Ақжаулықты әжемді ай жүзіне теңедім Мейірімі таусылмас күн нұрына теңедім,-дей келе «әппақ әжем» әнімен қарсы алыңыздар! 2-вход: әппақ әжем Ты, бабуля, просто супер- Молода и хороша Оставайся самой лучшей, Пусть всегда поет душа. 1 вход: Бабушки Под музыку выходят стихи 2 вход: стихи Цветная неваляшка Забавная игрушка Танцует и поет Смешная веселушка 1 вход: Неваляшка (танец) Ұрпағым деп ұл өсірген атам- ай, Сізді ойласам терең ойға батам-ай. Балаларым сендер аман болшы деп, Ақ тілеумен беретұғын батаң – ай, - дей келе аталарымызға арналған бүлдіршіндердің әнін қарсы алыңыздар. 2 вход: Ата Құлақтан кіріп бойды алар, Жақсы әнмен тәтті күй Көңілге түрлі ой салар Әнді сүйсен менше сүй, - дей келе «Мен бақытты баламын» әнімен балабақша бүлдіршіндерін қарсы алыңыздар 1 вход. Мен бақытты баламын Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар! Ақ жаулықты әжелер! Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы мерекелері қарттар күнімен құттықтай келе ортада Айзерені – әже әнімен қарсы алыңыздар 2 вход: Әже-Айзере Өміріңіз ұрпаққа өнеге мың Тілейміз қуанышқа бөленгенің Жүзге келіп, марқайып отырыңыз, Қылығына қуанып шөберенің. Балабақша жұлдыздарының сіздерге арналған әнін қарсы алыңыздар! Ду қол шапалақ! 1 вход: хор: ақ әжем Мерекелеріңіз құтты болсын ата - апа! Көкіректен жыр төгілмей жата ма! Зейнетіне жеттіңіздер өмірдің, Кенеліп бір ілтипатты батаға. Қадірлі ата - әжелер бүгінгі күні біз сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Олай болса Мерекелеріңізбен әнін қарсы алыңыздар! 2 вход: Мерекелеріңізбен-Аяулым Бабушка, с праздником, милая! Ты у меня лучше всех Самая в мире любимая Я обожаю твой смех. Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін Тап-таза абыройлы болғаныңды Қазіргі ел билеген жастар көрсін дей келе құттықтау сөзді «Раушан» бөбекжайының кәсіподақ төрайымы Кашетова Алмагуль Тулегеновнаны шақырамыз.
